Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы жолаушылар құқығын сақтау мәселесі бойынша «Fly Arystan» АҚ авиакомпаниясының қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру көрсеткендей, авиакомпания халықаралық рейстерге билеттерді сату кезінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыларға арнайы 50% жеңілдікті қолданбаған. Мысалы, 2022 жылдың қаңтарынан қазанына дейін халықаралық бағыттар бойынша стандартты тариф бойынша 3 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала тасымалданған.
«Прокуратураның ұсынуы негізінде Азаматтық авиация комитеті авиакомпанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қаралып, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін авиакомпанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды», - деп көрсетті Бас көлік прокуратурасы