Түркиялық "Хатайспор" командасының мүшесі, ганалық футболшы Кристиан Атсу жер сілкінісінен кейін үйінділер астында өлі табылды. Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мурат Узунмехмет айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
31 жастағы Атсу былтырдан бері "Хатайспор" құрамында болған. Сонымен қатар, ол "Порту", "Риу Аве", "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", "Витесс" және "Малагу" командасының құрамында ойнаған.