Атырау-Орал тасжолында жүк көлігі жеңіл машинаға соқтығысты. Салдарынан 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.
Қайғылы оқиға 18 ақпан күні сағат 16.10 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолында болған.
" КамАЗ жүк көлігі мен Lada машинасы соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі және көліктегі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда", – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.