18 ақпан күні полицияға Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы Алматы ауданының ПБ-на жеткізілді. ҚР ҚК 293-бабы “Бұзақылық”бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.