«ҚазАвтоЖол» ауа райының бұзылуына байланысты тағы бір өңірде трасса жабылғанын хабарлады.
«Қарағанды өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының екі бөлігінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Барлық көлік түрі үшін Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралық жабық (автожолдың 1492-1610 км аралығы).
Сондай-ақ қоғамдық және жүк көліктері үшін аталмыш күре жолдың Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығы жабық (автожолдың 610-1854 км аралығы).