Ғылымға қашан қан жүгіреді?
Ғылымға қашан қан жүгіреді?
944
оқылды
Кейінгі жылдары мем­лекет тарапынан ғы­лымға ерек­ше қолдау көрсетіліп, ғылыми жо­баларды қаржы­лан­дыру да қолға алынды. Алай­да ғылыми жобаға бө­лінген қар­жыны ғылым­ға қатысы жоқ адамдар талан-таражға салып жат­қан се­кілді. Ол аз­дай, соңғы 30 жыл­да ғалымдар са­нының 2 есе азайғаны белгілі бол­ды. Сонда қазақ ғы­лы­мының ертеңінен күтер үміт қандай? Ғалымдар азайып бара жатыр Осы уақытқа дейін елімізде ғы­лымды дамыту мен ғалым­дарды қолдауға қатысты түрлі бағдарлама болғанымен, оның қуаты мен қай­тарымы мақ­тан­арлық емес. Оған бір мысал, Қа­зақстанда 1991 жылы ғы­лыми-зерттеулермен шұғыл­да­нушылар саны 42 мың адам болса, қазір бұл көрсеткіш 22 мыңға дейін төмендеген. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылға дейін Қазақстанда ғалымдар мен зерт­теу­шілер санын қазіргі 21,6 мың­нан 34 мыңға дейін жет­кізуді өз алдына міндет қылып қойғанын айтты.
– Соңғы екі жылдан бері елде ғалымдар саны азайған. Мысалы, 2019 жылы – 21 843, 2020 жылы – 22 665, ал биыл 21,6 мың ғалым бар екені мәлім бол­ған. Қазіргі 21,6 мың ғалымның 7 525-і – жас ға­лымдар. Ға­лым­дар еңбекақы­сы­ның тұрақсыз әрі төмен деңгейі кадрлық және ғылыми әлеуеттің негізгі проб­лемаларының біріне айналып отыр. Осының салдары­нан ғы­лым саласының тартымды­лығы төмен. Мәселен, 2021 жылы ға­­лымдардың орташа жалақысы 187,7 мың теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы орташа жала­қының 75 пайызына тең, – дейді Саясат Нұрбек.
Осылайша, ведомство бас­шы­сы аз уақыттың ішінде 13 мыңға жуық ғалымды қатарға қосуға ниеттеніп отыр екен. Бұл оңай шаруа емес екені айтпаса да белгілі. Ал қазіргі ғалымдардың 32 пайызы ғана орта жасқа толмаған жас зерттеушілер екен.
– Қазіргі ғылымға келетін жас­тар 1-2 жылда байып кетсем деп ой­­­лайды. Бірақ ғылымда жүрген адам байымайды. Ол тек рухани байи­ды. Халықтың құрметіне ие бо­­лады. Сондықтан жастардың ғы­лымда нәтижеге жетіп жатқанын мен бай­қаған жоқпын. Олардың ғы­лыми жаңалық ашып, оны өнді­ріске ен­гізуіне уақыт керек. Сосын терең білім мен ғылыми мектеп ке­рек, – дейді Микро­био­логия жә­не виру­сология ғылыми орталығы­ның бас директоры Амангелді Саданов.
Ал ғылым докторы Азамат Еш­мұхаметовтың пірінше, ғалымдар­дың азайып кетуіне бірден-бір әсе­рін тигізген фактор – ғылыми инс­­титуттардың тек мемлекет тара­пынан бөлінген грантқа өмір сүруі.
– Институттар өзін-өзі қаржы­ландыра алмады. Сондықтан ол жақтағы ғалымдардың еңбекақы­сы төмен. Осының салдарынан ға­­лым­дар институттардағы жұ­мысын тас­тап кетті. Сосын ға­лым­дардың ара­сында да жалған дип­лом ала­тындары бар. Олар ғылы­ми еңбек­терін өтірік қорғап, ғы­лыми дәреже алғанымен, жобаны ары қарай алып жүруге дәрмен­дері жетпейді, – дей­ді Азамат Ешмұхаметов.
Ғылыммен айналысатын орта жоқ
Сол санаулы ғалымның бар­лығында ғылыми дәреже болмай шықты. Тек 35 пайызының ғы­лыми және академиялық дәрежесі бар. Бұл туралы «Ашық» НҚА пор­та­лында жарияланған 2023-2029 жыл­дарға арналған жоғары білім және ғылымды дамыту тұ­жырымдама­сында жазылған. «2021 жылғы дерек бойынша Қазақ­станда 21 617 ғы­лыми қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 17 092 зерттеуші ма­ман бар. Олардың 35 пайызы ғана ғы­лыми және ака­демиялық дә­ре­жеге ие», – делінген тұжырымдамада.
Бұл мәселелерді шешу мақса­тында министрлік ғылыми қыз­меткерлерді ынталандыру тетік­терін енгізу керек деп есептейді. Атап айтқанда, гранттық жоба­ларды қаржыландыру көлемін арт­тыру мен мамандардың жа­лақысын көтеру бойынша жұмыс­тар қолға алынады. Сонымен қатар тұжырым­дамада қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру ісіне де ден қойылатыны жазылған.
– Қазір өзіміз де докторант­тарды дайындап жатырмыз. Егер студент шетелдік ғалымдармен бірігіп мақала жарияламаса, ол PHD дәрежесін ала алмайды. Ғы­лыми мақала жазып жария­ла­ға­нымен де, қазір еліміздегі жо­ғары оқу орындарының басым бөлігінде лаборатория жоқ. Жо­ғары оқу орын­дары ондаған жыл бойы ға­лым­дарды даярлап жүрсе де, бір құрал алмаған. Яғни, ғылым­мен айналысатын орта жоқ. Екін­шіден, университеттер ғы­лым­мен ай­налысуға қаржы бөл­мейді. Мы­салы, оқытушылар бір қағаз сұрау үшін ректорға өтініш жазады. Көп жағ­дайда халық­ара­лық ғылыми жур­налдарға мақала жариялау үшін докторанттар рецензенттердің ал­ды­нан өтеді. Еліміздегі ғылыми ба­засы толық жасақталған Назар­баев универ­ситеті болсақ та, біз де рецен­зент­терден өтуден қинала­мыз. Ал бас­қа университеттердегі докто­ранттар бұл үдеден өте ал­майды. Сондықтан көп жағдайда оқула­рын аяқтамайды, – дейді Азамат Ешмұхаметов.
Оның айтуынша, ғылыми ма­қалаларды 600-700 мың теңгеге жариялап беретін арнайы сер­вис­тер де бар. Сосын қазақстандық уни­верситеттердің талабы төмен. Олар­дың докторанттары шетелдік сту­денттер мақала жарияламайтын Q3 деген журналға мақала шыға­рады. Қалған 3 мақаласын қазақша жур­налдарға жариялап, PһD дәрежесін алып кететіндер де бар. [caption id="attachment_241370" align="aligncenter" width="1899"]грант © коллаж: Елдар Қаба[/caption] Шетелмен салыстырсақ, біздің елдегі ғылымның даму деңгейі Ни­гериядан да төмен. Біз әлі ғы­лым­мен айналысып, оны болашаққа жеткізетіндей деңгейде емеспіз.
– Кезінде Қ.Сәтбаев Ғылым ака­демиясын құрған кезде ол жақ­қа мықты мамандарды жинады. Сол мамандардың арқасында Қазақ­станда қаншама зауыт са­лынды. Олардың бәрі кеткеннен кейін Ғы­лым академиясына ғы­лымның не екенін түсінбейтін адамдар келді. Солардың арқа­сын­да біз осы деңгейге жеттік. Сон­дықтан Ғылым академиясында ғылымның ыстық-суығын қатар көрген азаматтар отыруы керек. Бірақ қазір Ғылым академиясын Мұрат Жұрынов бас­қарады. Бірақ ол ғылыммен айналы­сып көрмеген адам, ғылыми ма­қалалары шыққан журналда­рының деңгейі төмен. Сонда да өзін ға­лыммын деп санайды. Ондай жур­налдарға біздің студенттер мақала жария­лайды, – дейді ғылым док­торы Азамат Ешмұхаметов.
Ғылымға қатысы жоқ адамдар грант алған Жыл сайын ғалымдардың жо­баларына мемлекет тарапынан гранттар бөлінеді. Алайда Микро­биология және вирусология ғы­лыми орталығының бас директоры Амангелді Садановтың айтуынша, ғылыми жобаны коммерция­лан­дыруға өтінім берген кезде ғы­лым­ға қатысы жоқ адамдар кіріп кетіп жатыр. Сондықтан осы жағына көңіл бөлінсе, іргелі, қолданбалы зерттеу жасалған, ғылыми жаңа­лығы бар жобаларды ғана дамытуға қаражат берілгені дұрыс.
– Осыдан 2-3 жыл бұрын ғы­лыми жобаларды коммерция­лан­дыру бойынша минералды су шы­ғаратындарға ақша бөлді. Мұны қаржыландырып отырған – Ғылым қоры. Бірақ ғылыми тұр­ғыда зерт­теліп, қаншама сарапта­маның са­тыларынан екшеленіп шыққан зерт­теудің нәтижесі өн­діріске ене­тін болса ғана қаржы­ландыру керек. Бір жерді қазып, ол жерден су шы­ғарып ғылыми жаңалық аш­тым деуге болмайды. Сосын асфальт жа­сауға да қаржы бөлінді. Ол ас­фальт жүз жылға де­йін сақталады дейді. Ал бұған кім сенеді? Мұндай жобалар ғылыми жо­баға мүлдем келмейді. Таза бизнестің жобалары. Ал осыларды біз ғылыми жоба деп қаржы­лан­дырып жүрміз,– дейді академик.
Ғылыми жобаларға бөлінетін гранттардың да өз тәртібі бар. Ең басында іргелі жобаларға, одан кейін өндіріске бейімделген қол­данбалы жобаларға, соңында жо­баның мақсатты бағдарламасы­на грант бөлінеді. Ғылыми жоба өн­­діріске келгеннен кейін оны Ғы­лым қоры коммерцияландыруы керек. Осы тәртіп қазір ретімен сақталмайды.
– Кез келген ғылым ертелі-кеш нәтижесін беруі керек. Егер іргелі жобалар нәтижесін бермесе, бұл ғалымның өзін-өзі алдауы, мем­лекетті алдауы. Мысалы, ғалым идеясын жаңа атап өткен кезеңдер бойынша іске асыруы керек. Ақ­шаны алғаннан кейін жобаны аяқсыз өндіріске ендірмей қалды­ратындар бар. Сондықтан мемле­кет грант берген соң жобаның жүзеге асуын қатаң қадағалауы ке­рек. Не­месе жүзеге аспаған жо­балардың жетекшілері мемлекет­тен алған қаржының 30-40 пайы­зын қайта қайтаруы қажет,– деді Амангелді Саданов.
Академиктің пікірінше, қазір мемлекет ғылымға барынша қол­дау көрсетіп отыр. Биылдың өзінде 158 миллиард ақша бөлінді. Мұн­дай көмек бұрын ешқашан болған емес. Ал келесі жылы 250 миллиард қар­жы бөлінеді. Ғылым және жо­ғары білім министрлігі жеке бөлінгелі ғылымның бойына қайта қан жү­гірді. Осыдан кейін ғылыми жо­ба­лар да нәтижесін беруі керек. Әри­не, ғалымдар монография, мақала шы­ғаруы керек. Бірақ ға­лым ғылы­ми жобасының өндіріске енуіне дейін жұмыс істеуі керек. Жариялап, жа­зып жатқан зерттеу­лері де жоба­ның соңғы нәтижесіне қызмет етуі қа­жет. Ғылым халыққа пайдасын ти­гізіп, экономикаға үлесін қосуы тиіс. Тәуелсіздік ал­ғалы 30 жылдан астам уақытта да ғылымға ақша бөлінді. Соның нә­тижесі қайда? Бір­лі жарым өн­діріске енген жо­балар бар. Бірақ ол еліміз үшін жет­кіліксіз. Ғы­лымға 1 миллиард ақша бөлінсе, бірнеше жылдан кейін сол жобаға мемлекеттің бер­ген 1 теңгесі 10 теңге болып қайтуы керек.
– Қазір Жол картасы бағдар­ла­масы деген бар. Осы картаға ғы­лымды қолдау бағытында ғылыми жобаның нәтижелерін де енгізу керек. Мысалы, біздің зауыттан шық­қан препараттарды малдың, өсімдіктің ауруын емдеп, өнімін жоғарылату үшін қолдануға бо­лады. Оны ауылдағы шаруалардың өзі алып қолданайын десе жағдайы келмейді. Сондықтан мемлекет ғылыми жобаларды қаржылан­дырып қана қоймай, өндіріске таралуына да қолдау жасап, түрлі бағдарламаға қосу керек,– дейді академик.
Ал Азамат Ешмұхаметовтың айтуынша, ғылыми жобаларға бө­лінетін гранттың пайдасы үлкен. Дегенмен Үкімет ғылыми жобалар­ды соңына дейін қаржыландырмай, жарты жолдан тастап кете салады. Айталық, Жапонияда Nikon кома­ниясы университетпен 20 жылға келісімшарт жасайды. Қандай та­қырыпты зерттейтіндерін алдын ала келіседі. Сосын сол тақырыптың негізінде компания университеттегі лабораторияны қаржыландырады. Ал бізде Жапониядағыдай 10-20 жылға созылған зерттеу жұмыстары жоқ. Президентіміз де гранттың мерзімін 5 жылға созуды тапсырған. Бірақ қазір гранттық қаржыландыру тек 3 жылға беріледі.
– Гранттың көмегімен біз өзі­мізге керек құрал-жабдықтар ала­мыз. Студенттерді ары қарай сапалы дайындаймыз. Сол қаржының не­гізінде жас ғалымдарға еңбекақы төлеп, ғылыммен айналысуына жағ­дай жасаймыз. Өкінішке қарай, бізде гранттар 3 жылға ғана беріледі. Осы аралықта біз дайын өнім шы­ғарамыз деп айта алмаймыз. Мы­салы, Жапония сутегін тасымал­дайтын қоспаларды 20 жыл зерт­теген. Содан кейін ғана нәтижесін көрген. Сондықтан ғылыми жоба­лар бірден нәтижесін береді деп айта алмаймын. Қазір ғылыми конкурстарды өткізу тәртібі біраз реттелді. Себебі конкурсқа қаты­сатын адамдардың санына шектеу қойды. Бірақ мақсатты қаржылан­дыру бағдарламаларына бөлінетін гранттың көлемі үлкен болғандық­тан, сол жерде грантқа қатысы жоқ адамдар жүреді, – дейді ғылым докторы Азамат Ешмұхаметов.
Қорыта айтқанда, ғылыми жо­баларға берілетін қаржыландыруды қайта реттемей, ғалымдардың на­нына бизнесмендердің ортақтаса берері анық. Ал шын ғалым шығуы үшін жоғары оқу орындарындағы зертханаларды жасақтау қажет.