ЖСДП өмір сапасын жақсартуға ниетті
ЖСДП өмір сапасын жақсартуға ниетті
ЖСДП «Қазақстандағы өмір сапасының стандарттары қандай болуы керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Фото ЖСДП-ның Фейсбуктегі аккаунтынан алынды
496
оқылды
Астана қаласында ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттар Асхат Рахимжанов пен Нұрлан Әуесбаев сайлаушылармен кездесті. «Қазақстандағы өмір сапасының стандарттары қандай болуы керек?» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелде елдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Партиялық тізімге енген кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Кездесуде азық-түлік бағасының өсуі, коммуналдық тарифтер, әлеуметтік кепілдіктер мен мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды. Социал-демократтар өмір сүру сапасының стандарттарын әзірлеп, оны қабылдауға бастамашылық жасауға ниетті.