Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22 ақпан күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент күре жолында (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.
Жабылу себебі - Ақтөбе облысында бұрқасын, боран.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын хабарлады.