Ақтөбе облысында жұмысқа кетіп, оралмаған 47 жастағы әйел өлі күйінде табылды.
Полиция қызметкерлерінің мәлметінше, бүгін жедел-тергеу іс-шаралары кезінде аталған жағдайға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Оның автокөлігінен жоғалған әйелдің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды.
Осы дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.