26 ақпан күні Петропавл қаласы Полиция басқармасының «102» жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті.
28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылды, алайда алған жарақатынан қайтыс болды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.