Сирияда үйінді астынан өлі табылған адам жерлеу рәсімі кезінде оянып кетті
Сирияда үйінді астынан өлі табылған адам жерлеу рәсімі кезінде оянып кетті
Фото: halyq-uni.kz
2,985
оқылды
Сирияда жер сілкінісі кезінде қаза тапты деп болжанған жергілікті тұрғын жерлеу рәсімі өтетін күні есін жиды. Бұл туралы halyq-uni.kz сайты хабарлады. Ахмед әл-Мағриби жойқын зілзала кезінде өзі тұрған үйдің қирандыларының астында қалған. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлап, ол екі күн бойы мәйітханадағы тоңазытқышта жатқан. Алайда, ол жерлеуге бірнеше минут қалғанда есін жиып, белгі берген. Мұны байқаған туыстары оны ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қазір оның жағдайы тұрақты екенін айтты.