"Болашақ" стипендиясы арқылы шетелде тағылымдамадан өтетіндер үшін талап өзгерді
"Болашақ" стипендиясы арқылы шетелде тағылымдамадан өтетіндер үшін талап өзгерді
Фото: wordshop.academy
723
оқылды
2023 жылдан бастап шетелде өндірістік тағылымдамадан өтетін «Болашақ» стипендиаттарының еңбекпен өтеу мерзімі 1 жылға қысқарды. Бұл туралы Ғылым министрлігі хабарлайды. Стипендия иегерлері   Fortune Global 500, Forbes Global 2000, Forbes Top 100 Digital Companies, әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда, БҰҰ-ның халықаралық ұйымдарында тағылымдамадан өте алады. Сондай-ақ докторанттарға алған мамандығы бойынша постдокторантурадан өту үшін еңбекпен өтеу мерзімі шегеріледі.
«Өзгертулердің арқасында «Болашақ» стипендиаттары шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуын аяқтағаннан кейін әлемдегі үздік халықаралық компанияларда жұмыс істей алады. Бұл оларға жетекші ұйымдарда тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейдегі кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді», – деді ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләззат Әділова.
Сонмен қатар биылдан бастап шетелдік университет, жұмыс беруші немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылған болатын.