Жантүршігерлік жол апаты бүгін, яғни 28 ақпан күні таңғы сағат 07.55 шамасында болған.
"Ақтөбе – Атырау – Астрахан" тасжолының 492 шақырымында Мақат – Қызылқоға бағытында жол жүріп бара жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.
"Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді", – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.