Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты
Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты
1,914
оқылды
Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты. Қанды оқиға 2015 жылы наурыз айында орын алған. Жеке жүргізуші болып жұмыс істеген 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті Алматының Түрксіб ауданында табылған болатын.
Сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығудан болғанын анықтады.
"Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Айтпақшы, үш еркекті қызықтырғаны сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшалық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіру әрекетін жасағанымен, көлікті иелік ете алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды"– деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.