Алматыдан Шамалған, Жәпек батыр, Қонаев, Байсерке, Есікке қосымша 23 маршрут ұйымдастыру көзделген
Алматыдан Шамалған, Жәпек батыр, Қонаев, Байсерке, Есікке қосымша 23 маршрут ұйымдастыру көзделген
485
оқылды
Алматы қалалық сайлауалды штабының басшысы Станислав Канкуров,  «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар – Айгүл Құспан, Әсия Ақанова, Найля Ордабаева және Садир Хамраев «Сайран» автовокзалы ұжымымен кездесті. Үміткер Найля Ордабаева партияның сайлауалды бағдарламасындағы мақсаттар еліміздің жандануына, болған олқылықтарды еңсеруге, жаңаша дамуға жол ашары сөзсіз екенін тілге тиек ете отырып, әлемнің бір орында тұрмайтынын, ел даму үстінде неше түрлі сын-қатерлерге тап болуы мүмкіндігін айтып, ең бастысы сол сындарды еңсере білуде, еңсеру жолында біріге алуымыз керек деді. Кездесу барысында Станислав Канкуров партияның атқарып жатқан жұмыстары бойынша кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар  үміткерлер алдағы уақытта іске асырар қызметтері бойынша сайлауалды бағдарламадағы ең басты мәселелерге тоқталып өтті. Мекеме ұжымы бүгінде тауарларға, оның ішінде бірінші кезекте қажет өнімдерге бағаның өсуі толғандырып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар балалардың ойын алаңқайларын қалпына келтірудегі кейбір жүйесіздіктер, бірқатар көшені тиісінше жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, үйлер арасындағы жолдарды жөндеу, кейбір қалаішілік автобустардың жүру жиілігін үйлестіру секілді мәселелер көтерілді. Бұл ретте кандидаттар алдағы уақытта жаңадан 4 метро стансасын салу арқылы метро желісін 7,2 шақырымға ұзартуға күш салмақ. Қоғамдық көлік паркін жаңарту, атап айтқанда  жаңа 1 000 автобус және 200 троллейбус сатып алу үшін қаржы бөлу жоспарда бар.  Партия 50 шақырым веложолдар мен веложолақтарды салу құрылысына ықпал етеді. Сонымен қатар Алматы агломерациясын дамыту бойынша қала маңындағы Шамалған, Жәпек батыр, Қонаев, Байсерке, Есік бағыттары бойынша қосымша 23 маршрутты ұйымдастыру көзделген. – Бірінші кезекте, әрбір салада азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы маңызды. Президент «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария еткенін өздеріңіз білесіздер және оны іске асыру басым бағыт болып отыр. Осыған байланысты билік әрқашан халыққа жақын болып, азаматтардың проблемаларын естіп қана қоймай, оларды заң аясында шешудің барлық жолын қарастырып, пәрменді шаралар қабылдауға тиіс. Біз де осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», – деді кандидат Садир Хамраев.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді,