Қазақстанда сусабын бір жылда 41,7% қымбаттады, сонымен бірге өндірістің азайғаны да байқалады, деп хабарлайды ұлттық статбюро.
Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лак және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3% төмендеді.
Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген.
Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді.
Импорт өнімдерінің үлесі - 97,6 пайыз.
12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.