«AMANAT»: үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
«AMANAT»: үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
504
оқылды
19 наурызға тағайындалған сайлауға санаулы күндер қалды. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері «Атырау облысы Су Арнасы» КМК ұжымымен кездесті. Атырау облысы – донор аймақ. Осы ретте республикалық алып қоюлардың көп екені, сол қаражат көлемін азайтып, облыстың өз қажеттілігіне жарату туралы мәселе аз айтылып жүрген жоқ. Аталған басқосу барысында бұл тақырып та талқыға түсті. Еліміздегі жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы саналатын «AMANAT» партиясы халықтың сұраныстарына негізделген «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жасақтады. Стратегиялық маңызы зор бағдарламада көптеген мәселе, өзекті проблемалар толығымен көрініс тапқан. Іске асатын шаралар қоғамның кез келген өкілдеріне лайықты. Осы мәселелерді атап өткен штаб мүшелері, кандидаттар «AMANAT»  партиясының негізгі ұстанымдарын таныстырып, пікір алмасты. AMANAT Аталғандарға қоса, тариф бағасы, инфляцияға байланысты жалақының жоғарылауы қажеттілігі туралы мәселелер де көтерілді. Штаб мүшелері айтылған әр ұсыныс, жолданған сауалдардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Тапсырыс беруші: «AMANAT»  партиясының Атырау облыстық филиалы

«AMANAT»  партиясы Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді.