«AMANAT» партиясының кандидаттары тігін фабрикасының ұжымымен кездесті
«AMANAT» партиясының кандидаттары тігін фабрикасының ұжымымен кездесті
Қарағанды қаласында «AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесулер өтуде. «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар «ӨИК «Ютария ltd» ЖШС тігін компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде партияның жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жөніндегі міндеті, сондай-ақ бизнес үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселе көтерілді. ҚР Мәжіліс депутаттығына кандидат Бауыржан Смагулов бұл мәселе «AMANAT» сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар  өнеркәсіптің барлық салаларын көтеру елдің дамуы үшін маңызды мәселе болатынын ескерді. AMANAT – «AMANAT» партиясы үшін жеңіл өнеркәсіпті қолдау басым бағыт болады, «AMANAT» партиясы машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте жүздеген жаңа ірі және орта кәсіпорындар құруға ұмтылатын болады. Жыл сайын кемінде 40 мың сапалы, жақсы төленетін жұмыс орны ашылады, сондай-ақ өнеркәсіптің барлық түрлерін ынталандыру саясаты жалғасады, –  деді кездесуге қатысушыларға Бауыржан Смагулов. Қатысушылардың барлық ұсыныстарын үміткерлер тыңдап, олардың жеке бақылауына алды.  

Тапсырыс беруші: Б.К.Алтынбеков

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған

«AMANAT» партиясының  Сайлау қоры  қаражатынан төленді.