Атырауда жол апатынан тұтас отбасы қаза тапты
Атырауда жол апатынан тұтас отбасы қаза тапты
5,308
оқылды
Қаза тапқандардың арасында бір жасқа толмаған сәби де бар. Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жантүршігерлік жол апаты 9 наурыз күні «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тасжолының 551 шақырым тұсында "Ларгус"және "Уаз" автокөліктерінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан болған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында "Ларгус" автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және екі жолаушы көз жұмды. 1994 жылғы жолаушының жанында бір жасқа толмаған сәби болған. "Уаз" автокөлігінің үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.