Батыс Қазақстан облысында су шайып кетуіне байланысты тағы бір республикалық жол жабылды.
«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 13 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолында Ақтөбе облысы аумағында еріген қар суы трассаның үстіне шығып кеткен.
Соған байланысты жергілікті сағат 21.30-дан бастап аталмыш жол (393-526 км, Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылынан – Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Сонымен қатар Теректі ауданы Барбастау ауылынан Ақтөбе облысына дейінгі аралықта (274-526 км) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.