Тоқаев жуырда Анкараға барады
Тоқаев жуырда Анкараға барады
Фото: akorda.kz
499
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.