Абай – 175: Қызылордада өткен айтыстың бас жүлдесін Мұхтар Ниязов иеленді
Абай – 175: Қызылордада өткен айтыстың бас жүлдесін Мұхтар Ниязов иеленді
308
оқылды
Қызылордада Nur Otan партиясы және облыс әкімдігінің қолдауымен Н.Бекежанов атындағы драма театрында «Абай жолымен» атауымен республикалық ақындар айтысы өтті.  Республикалық айтыс қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналды. Айтысқа аға буын өкілдері мен бүгінгі күні сөз бәйгесінің көрігін қыздырып жүрген жастар бәсекеге түсті. Айтыс өткізудегі мақсат – көпшілікке ақынның философиялық, ағартушылық, саясаткерлік қасиеттерін ашып, адами болмысын зерделеп, жырға қосу. Сөз сайысын ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізіп отырды. Өнер бәйгесінде бас жүлде Мұхтар Ниязовтың қанжығасына байланды. Ал Жансая Мусина бірінші, Әсем Ережеқызы екінші орын алды. Үздік үштікті Айбек Қалиев пен Мейірхан Сұлтанхан түйіндеді. Сондай-ақ, аталмыш айтысқа Серік Құсанбаев (Өскемен), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), Аруна Керімбек (Ақтөбе), Жансая Мусина (Орал) Аян Ниязбек (Шымкент), Сұлужан Тауболды (Алматы), Кенжебай Жүсіпов, Мейірбек Сұлтанхан, Бексұлтан Орынбасаров (Қызылорда) қатысты.