Кез келген ұсыныс-тілек маңызды
Кез келген ұсыныс-тілек маңызды
1,215
оқылды
 «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов пен облыстық штабтың өкілдері Сайд Бегманов және Жамбыл Тлеукеев  «Шу-Жылу» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Бүгінгі таңда бұл мекемеде 67 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы – 160-170 мың теңге көлемінде. Кәсіпорын Шу қаласындағы көпқабатты бірқатар тұрғын үйлермен қатар, жер үйлерді де жылумен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, кәсіпорынның қызметін 7 мектеп, 4 балабақша, 2 спорт нысаны мен 1 емхана сондай-ақ өзге де сауда нүктелері пайдалануда. Кездесуде Дауыл Ынтықбайұлы партия, ең бірінші, кезекте еңбек адамдарының құқығын қорғайтынын баса айтты. Оның сөзінше, партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулыққа кері әсер ететін кәсіпорындар да қызмет ететін азаматтардың жалақысын көтеру сынды мәселелер қарастырылған. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы «Халықпен бірге!» деп аталады. Біз сіздермен бірлесе отырып, кездескен қиындықтарды еңсереміз. Әрқайсыңыздың ұсыныс-тілектеріңіз маңызды. Талап-тілектеріңіз ескеріледі. Бастысы, еңбек адамдарының құқығы қорғалады. Денсаулыққа кері әсер ететін кәсіпорындар да қызмет ететін азаматтарымыздың жалақысын көтеру мәселелері қарастырылуда. Біз мұның бәріне сіздермен бірге қол жеткіземіз, деді Д.Бейсенқұлов. Кездесуде сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы да кеңінен түсіндірілді. Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Сайд Аблекұлы мен Жамбыл Абдрахимұлы бағдарламаның барлық бағыттары жөнінде мол мағлұмат берді. Жиын соңында аманаттықтар сайлаушыларды 19 наурыз күні өтетін саяси науқанға белсене қатысуға шақырып, лайықты партия мен үміткерлерге дауыс беруге үндеді.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының

сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»

партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді