Шымкенттік дәрігер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды
Шымкенттік дәрігер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды
Фото: pravmir.ru
1,518
оқылды
Шымкенттік дәрігер Асхат Жақыбаев асфексия салдарынан жүрегі тоқтап қалған сәбиді ажалдан арашалап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Otyrar.kz-тің мәліметінше, оқиға Шымкент қаласындағы №2 ауруханасында болған. Әйел ана сүтіне тұншығып қалған нәрестесін аман алып қалу үшін жан ұшырып дәрігерлерден араша сұраған. Анасының айтуынша, сәбиі еміп жатып, анасының сүтіне тұншығып қалған. Ана сүті баланың өкпесіне түсіп, нәресте сүтке шашалып, тыныс алуы қиындап, жүрек соғысы тоқтап қалған. Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер Асхат Жақыбаев тұншыққан сәбиге шұғыл көмек көрсетті. Баланың жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алу аппаратына қосып, сәбиді 5-6 минуттың ішінде тыныс алуын қалпына келтірді. Жүрек соғысы тоқтаған сәбиге реанимациялық көмек көрсетті. Асхат Жақыбаев 18 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер мыңдаған науқастың сауығып кетуіне үлес қосты.