Eurasian Resources Group (ERG) 2022 жылы Қазақстанға 410 млрд 387 млн теңге салық төледі
Eurasian Resources Group (ERG) 2022 жылы Қазақстанға 410 млрд 387 млн теңге салық төледі
1,187
оқылды
Елге құйылған әлеуметтік инвестиция көлемі – 43 млрд 884 млн теңге межесінде. 2022 жыл ERG Қазақстанға жаңа сын-қатерлер кезеңі болды. Логистика мен жөндеу мүмкіндіктерін тұсаған геосаяси ахуалға қарамастан, Топ кәсіпорындары жұмысын жалғастырып, барлық стейкхолдерлер алдындағы міндеттемелерін атқарып шықты.    width=
- Геосаяси ахуал салдарынан біз шұғыл жаңа нарықтар іздеуге мәжбүр болдық. Қосалқы бөлшектерді сатып алу қиындады. Алайда, біз бірде-бір жабдықтың тоқтауына жол бермей, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырдық, - деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
2022 жылы Топ кәсіпорындары өндірген өнім көлемі:
  • Ферроқорытпа – 1 млн 707 мың тонна;
  • Темір кені шикізаты – 10 млн 594 мың тонна;
  • Глинозем – 1 млн 338 мың тонна;
  • Алюминий – 249 мың тонна;
  • Көмір – 29 млн 876 мың тонна;
  • Электр энергиясы – 17 778 млн кВт/с.
Өткен жылдың ерекше күрделі болғанына қарамастан, тек темір кені шикізатынан өзге барлық өнім өндірісінде негізінен өсім бар. Негізгі көрсеткіштер 2021 жыл межесінде. ERG 2022 жылы Қазақстандағы өндірісті дамыту мен жаңғыртуға 380 млрд теңгеден астам инвестиция құйды. Ферроқорытпа дивизионында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахтаның құрылысын жалғастырып, шлам қалдықтарын өңдейтін ERG Green фабрикасының құрылысы аяқталуға жақын. Ақтөбе мен Ақсу ферроқорытпа зауыттарында ERG-дің Экологиялық стратегия аясындағы жобалар ілкімді іске асырылып жатыр. Мамандар қазір Хромтау маңында жел электр станциясы мен Ақтөбеде феррогазбен жұмыс істейтін электр станцияның құрылысын қолға алған. Темір кені дивизионында тау-кен өңдеу өндірісі жаңғыртылып, Қашар карьерін қайта құру,  «ССКӨБ» АҚ мен «Қашар кені» АҚ теміржолдарының инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Қалдық қоймаларын дамытып, қолдау бағдарламасы аясындағы істі жоспарлау жұмыстары қолға алынған.    width= Энергетика дивизионында «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының энергоблоктары мен Рудный ЖЭО-н қайта құру бағдарламасы жалғасып, «3-Энергоорталық» АҚ алаңында бу-газ қондырғысы салынып жатыр. «ЕЭК» АҚ №3 күл үйіндісіндегі 2-ші секция мен отын беру трактіндегі екінші желі жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасын тапты. ERG-дің Экологиялық стратегиясы аясында «Қазақстан алюминийі» АҚ жылу электр орталығында № 2, 5, 7 қазандық агрегаттарындағы күл қармаушы 3 қондырғы кезең-кезеңімен жаңартылып, қайта құрылып жатыр. Теңдессіз жоба аясында сүзгіні батареялы эмульгатордан жеңдікке алмастырып, құрамында шаң мен газ бар қоспаларды қармап қалу тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыру көзделген. Ауқымды істің тиімділігі – технологиялық газды еуропалық стандарттарға сай тазартуға жол ашады. Көмір дивизионда спецкокс шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. «Шұбаркөл көмір» АҚ-нда залалсыздандыратын электр станциясын салудың техникалық экономикалық негідемесі әзірленіп жатыр. Ал, алюминий дивизионында ERG-дің экологиялық стратегиясы аясында Павлодар алюминий зауытындағы №4 пен №5 күйжентектеу пештеріндегі сүзгілер алмастырылуда. Одан бөлек, өткен жылы Ақтөбе мен Ақсу ферроқорытпа зауыттары, Дөң ТКБК, Ақсу электр станциясы мен «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінің санитарлық қорғау аймақтары шекарасына автоматты мониторинг қондырғылары орнатылды. Көгалдандыру бағдарламасы аясында былтыр ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде 100 мыңнан астам түп көшет егілді. Өткен жылы Топ кәсіпорындарында еңбекақы көлемі ұлғайтылып, жұмысшы мамандықтар бойынша ол кемінде 30% өсті. Топ бұл мақсатқа қосымша 70 млрд теңге жұмсаған. ERG 2022 жылы еліміздің бюджетіне 410 млрд 387 млн теңге салық төледі (2021 жылы 299 млрд 373 млн теңге төленген). 2022 жылы Топ қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларға 43 млрд 884 млн теңге бағыттаған. 2021 жылмен салыстыратын болсақ, бұл сома 65% артқан. ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әкімдіктерімен Меморандумдар жасасу тәжірибесін жалғастырып, «Қазақстан халқына» қорына 30 мрлд теңге бөлген болатын.