Қазақстанда қуатты орта тап қалыптасуы қажет
Қазақстанда қуатты орта тап қалыптасуы қажет
567
оқылды
16 наурызда ҚХП Ақмола облысының филиал төрағасы, облыстық маслихатың депутаттығына кандидат Ұлан Қабдин «Степногорск тау-кен-химия комбинаты» ЖШС ұжымымен кездесіп, Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Ұ.Қабдин Халық партиясы жалдамалы жұмысшылардың, қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғайтынын жеткізді. – Біз қуатты орта тап қалыптастыруды жақтаймыз. Біз Мәжілісте металлургтер мен кеншілердің мәселелерін бір емес, бірнеше рет көтердік, – деді ол. Оның айтуынша, Халық партиясы ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жаста зейнетке шығаруды талап етеді. Елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болу керек. Халық партиясы социализмді жақтайды. Әрбір тұрғын лайықты өмір сүру үшін тегін медицина мен білімге қол жеткізуі тиіс. Кездесуде білім, медицина, құрылыс салаларындағы өзекті мәселелер де талқы таразысына салынды.