Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы сенбі, 18 наурызда Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 08.14-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Гёксун ауданында, 7 шақырым тереңдікте болды.