2 мың отбасына қамқорлық жасалады
2 мың отбасына қамқорлық жасалады
5,409
оқылды
Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы өзіңде барды өзгемен бөлісуді, көмекке мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беруді көздейді. Айталық, Қазы­ғұрт ауданы бойынша 86 отбасына осы бағдарлама ая­сында жетекші бекітіліп, жан-жақты көмек көрсетілген. Осын­дай қайырымдылықтың арқасында тағы бір ана баспаналы болды. Өңірде жомарт жандар бар­шы­лық. Кәсібін дөңгелетіп отыр­ған кейбір кәсіпкерлер тұр­ғын­­дарды жұмыспен қамтып қана қоймай, әлеуметтік жағдайы тө­­мен отбасыларға да көмек қо­лын созып, елдің алғысын алып жүр. Мәселен, баспана тауқыметін тарт­қан жалғызбасты ана Ай­гүл Садықова үш баласымен бір­­ге жылдар бойы ауылдағы ғи­­­мараттың бөлмесін жалдап кел­ген. Жұ­пыны ла­шық­ты па­­налаған жан­дарға тұ­рақ­ты қам­қорлық көр­­сеткен Қазы­ғұрт ауданының бас­­шы­лығы бұл отба­сына демеу­ші тауып берді. Жергілікті кәсіп­кер қайы­рым­дылық жасап, мүм­кін­­ді­гі шек­теулі бала асырап отыр­­ған анаға 4 бөлмелі үй салып бер­ді.    width= «Болашақ» ықшамауданында орналасқан жаңа үй жарық және табиғи газбен қамтылып, ауызсу жүйесі жүргізілген. Өңірде қарқын алған «Қамқорлық» жобасы ая­сында Қазығұрт ауылының кә­сіп­керлері жұмыссыз ананың жаңа қонысына үй-жиһаздарын тарту етіп, азық-түлік алып берді. Басыбайлы баспана бұйырған отбасындағы балалардың қуа­ны­шында шек жоқ. Жылдар бойғы қиындықтан құтылған жан­дардың айтар алғысы айрық­ша. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» қатарына шынайы ел пат­рио­ты ретінде енген Қазығұрт ауда­нының кәсіпкері Сырым Ертаев осыған дейін де бірнеше жерлесіне баспана сыйлап, жо­март­­тығымен танылған. Үлгі бо­лар ісімен алғыс арқалаған азамат жеке кәсібін дөңгелетіп, көптеген тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жақсы іске жанашыр ізгі ниет­ті, ақ тілеулі азаматтар әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға тұр­мысқа қажетті заттарын, оты­нын алып көмектесуде. Атал­ған шараға аудан, қала және ауыл әкімдіктері, Nur Otan пар­тия­сы Түркістан облыстық филиа­лы­ның белсенділері, мәслихат депу­таттары мен кәсіпкерлер демеушілік жасауда. Жалпы, облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы