Қонаев қаласының тұсында, Алматы – Талдықорған күре жолының бойында орналасқан «Тұлпар» ретрокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев сайлау күніне орай автошеру ұйымдастырып, әріптестерімен бірге шерулетіп сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
– Бүгінгі шараға 10-ға жуық автокөлік қатысты. Біз барлық сайлау учаскелерін аралап шығамыз. Алдағы кезде Әз-Наурыз мерекесіне орай тағы да автошеру ұйымдастырмақпыз. Біз бұған дейін де қаламыз бойынша ұйымдастырылатын түрлі шараның ешқайсысынан тысқары қалмайтынбыз. Қаламыз жаңа атауға, жаңа мәртебеге ие болып, облыс орталығы атанғаннан кейін ондай салтанатты, маңызды басқосулар көбейді. Солардың барлығына шамамыз келгенше үлес қосудамыз. Бұл жолы сайлауға да белсене қатысып, азаматтық борышымызды өтеп, дауыс бердік, – дейді Мұрат Сіргебаев.
Болат Абаған,
Алматы облысы.