Батырханды еске алады
Батырханды еске алады
395
оқылды
Алматыда әнші-компо­зитор, Қазақстан­ның ең­бек сіңірген қайраткері Ба­тырхан Шүкеновті еске алу ­мен оның шы­ғармашы­лық мұрасын на­сихаттау мақ­сатында ұйым­­­дас­ты­ры­лып жүрген «Отан Ана» байқауының биыл­ғы өту тәр­тібі мен ұйым­дас­ты­ры­луы жайлы баспасөз мәс­­ли­хаты өтті. Ұйымдастырушы – «Таңдау» продюсерлік орталығы. Осымен үшінші рет өткелі отырған бай­қау­дың басты ерекшелігі – фина­лис­терді вокалдық баттл арқылы ірік­теу. Сонымен қатар әндер кә­сіби аспаптық ансамбльдің сүйе­­­мелдеуімен орындалады. Бай­­қау­дың финалы 16-18 мамыр ара­­­лығында Қызылорда қала­сын­да өтеді.
– Батырханның арамыздан кет­­­кеніне де 5 жыл болды, бірақ оның әндері мен шығармашылығы өнер­сүйер қауымның жадында. Бұл конкурс Батырханның ту­ған жерінде – Қызылорда қала­­сында өтеді. Конкурстың мақ­са­ты – әнші-композитордың шы­ғар­машылығын насихаттау, жаңа таланттарды ашу, сондай-ақ жастарды шынайы музыканың дәмін сезініп, ансамбльмен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Конкурсқа 16 мен 30 жас аралығындағы елі­міз­­­дің жастары қатыса алады. Елі­міз таланттарға бай, біз олар­ды жарқыратып көрсете білуі­міз керек. Барымызды бағалай білейік, – деді «Таңдау» про­дю­­­серлік орталығының бас дирек­то­ры және конкурстың қоюшы-режиссері Қарлығаш Әжиева.
Конкурстың жүлдегерлері Ба­тырхан Шүкеновтің туған күні – 18 мамырда өтетін гала-кон­церт­те Қазақстан эстрада жұл­дыз­­­дарымен бірге ән шырқайды. Ұйым­­дастырушылар алдағы уа­қытта конкурстың халықаралық дең­гейге көтерілуін қалайтынын айтты. Өйткені әншінің тыңдар­ман­дары әлемнің әр түкпірінде бар. – Батыр бізге мол мұра қал­дырды. Ол – әндері, компо­зи­циясы және оның музыкаға де­ген ықыласы. Менің ойымша, бұл конкурс еліміздің музыка мә­де­ниетінде өз орнын ойып тұ­рып ала­ды. Өйткені конкурсқа қа­ты­­суға ниет білдірушілер көп. Жас орын­даушылар үшін кез кел­ген конкурс – үлкен мек­теп. Біздің міндетіміз – жаңа та­­ланттарды ашу және өнер әлеміне жол көрсету», – деді ән­­ші­нің досы, музыкант Сағы­най Абдуллин. Әнші-композитор атындағы қор кеңесінің төрағасы, әншінің ағасы Бауыржан Шүкенов кон­курс­ты ұйымдастырушыларға – Қызылорда облысы әкімдігі мен мәдениет басқармасына, барлық қызылордалықтарға шынайы кө­­ңіл­­мен алғысын білдірді. Ол кон­­курстың Батырханның туған жерін­де ұйымдастырылуы отбасы үшін аса үлкен құрмет екенін айт­ты.
– Байқаудың атын «Отан Ана» деп атадық. Өйткені Ба­­тыр­ханның Ресейден Қазақ­станға оралғандағы ең атақты туын­дысы – осы. Ол альбом да со­лай аталды. Бұл Ба­­тыр­ханның мансабындағы, өне­­рін­дегі бір үлкен белес болды деп ойлаймын», – деді GAKKU музы­калық телеарнасының бас про­дюсері, қазылар алқасының мү­шесі Тимур Балымбетов.
Конкурсқа қатысушылардың өтініші 20 сәуірге дейін қабыл­да­нады. Үміткерлер өтінішін «Таңдау» продюсер­лік орталығы мен Қызылор­да облыстық халық шығармашы­лы­ғын дамыту мәде­ни-продюсерлік орталығына жол­дай алады.   Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ