65,70 пайыз: ОСК дауыс беру бойынша қай өңірдің көш бастап тұрғанын хабарлады
65,70 пайыз: ОСК дауыс беру бойынша қай өңірдің көш бастап тұрғанын хабарлады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
505
оқылды
Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында азаматтардың учаскелерге келуі туралы соңғы мәліметті жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 18.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11 пайызы бюллетень алды. Оның ішінде:
  • Абай облысы бойынша – 56,14%
  • Ақмола облысы бойынша – 59,44%
  • Ақтөбе облысы бойынша – 56,88%
  • Алматы облысы бойынша –59,74%
  • Атырау облысы бойынша –49,19 %
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша –58,81%
  • Жамбыл облысы бойынша – 65,00%
  • Жетісу облысы бойынша – 55,07%
  • Қарағанды облысы бойынша – 58,85%
  •  Қостанай облысы бойынша – 65,00%
  •  Қызылорда облысы бойынша –65,70 %
  • Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%
  • Павлодар облысы бойынша – 58,61%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –64,46%
  • Түркістан облысы бойынша – 51,07%
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,63%
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша –63,63%
  • Астана қаласы бойынша – 40,94%
  • Алматы қаласы бойынша –22,95%
  • Шымкент қаласы бойынша – 43,89%
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізіміне 12 миллионнан астам азамат кіреді. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20.00-де басталады және 20 наурызда таңғы 08.00-де аяқталуы керек.