Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазиннің айтуынша, сайлау туралы заңнаманы бұзудың 18 фактісі расталған.
"Бүгінгі жағдайда 18 тұлғаның тарапынан "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарын бұзу фактілері расталды. Олардың 12-сі бұдан бұрын айтылғандай, азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн берумен байланысты. Олардың бесеуі – Алматы облысында, үшеуі – Солтүстік Қазақстан облысында, біреуі – Жетісу облысында және Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында бір-бірден", – деп хабарлады Азамат Сарғазин.