Жаратылыс бастауы
Жаратылыс бастауы
1,171
оқылды
Наурыз – түркі халқының төл мерекесі ғана емес, он сегіз мың ғаламды зерттеудің кешенді ғылыми жобасы. Себебі Наурыз айында күн мен түн теңеледі. Осылайша, ай мен күн Темірқазық түбінде тоғысады. Қазақ халқының астрономдары Темірқазық жұлдызын аспан мен жердің тірегі, кіндігі деген. Ал Шығыс елдерінің күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы амал айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Амал – Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады. Қазіргі Наурыз тойына арналған мемлекеттік эмблемадағы ортадағы таяқтың екі жағына ширатылған қошқар мүйіз іспеттес сурет осы ғалам жаратылысын бейнелеп тұр. Ортасындағы таяқ – Темірқазық. Осыған орай, Наурыз мерекесіндегі аспан әлемнің өзгерісін астрофизик-ғалымдардан сұрадық. Дана АЛИНА, Назарбаев университетінің ассистент профессоры, астрофизик-ғалым:

«КӨГІЛДІР ТҮСТІ АЙ»

Жер планетасы күнді айналатыны жә­не күнді толық бір рет айнал­ғандағы уақыт бір жылға сәйкес келетіні бел­гілі. Оның үс­тіне, жер өз осін де ай­на­лады. Жердің ай­налу осі белгілі бір бұрыш­қа сәйкес ке­леді, яғни ось жердің күнді ай­­налу жа­зық­тығына қарай қисайған. Бұл ға­лам­ша­ры­мызда көктем, жаз, күз бен қыс сияқ­­ты жыл­дың төрт мезгілінің ал­ма­сып оты­руына әсер етеді. Осылайша, жылдың жартысында күн солтүстік жартышарды кө­бі­рек жа­рықтандырады, ал жылдың екінші жар­тысында күн көбірек оңтүстік жарты­шар­ды жарықтандырады. Тиісінше, күн сол­түстік және оңтүстік жартышарларды жы­­­­лына бірдей жарықтандыратын екі сәт бар. Яғни, экваторға күн сәулесі тікбұрыш жа­­сап түседі. Айтып отырған екі сәт күзгі жә­­не көктемгі күн мен түннің теңелу күн­дері деп аталады. Енді «Неліктен қазақтар бұл сәтке назар аударды?» деген сұраққа жауап беріп көрсек. Тек қазақтар ғана емес, әлемнің бар­лық халықтары әрқашан табиғат­пен байланыста өмір сүрген. Қазақтардың өмірі, көптеген халықтар сияқты, жыл мез­гі­ліне тікелей байланысты болды. Біз ежел­ден жыл мезгілдері өзгеретін кли­мат­тық жағдайда өмір сүріп келеміз. Сондай-ақ халқымыздың өмірінде төрт түліктің ор­ны ерекше. Ал жануарлардың репро­дук­тивті функциялары жыл мезгілдерінің өзгеруіне тікелей байланысты. Сондықтан да қазақтар Наурыз мерекесіне үлкен мән бер­ген. Себебі бұл наурызда күн мен түн теңе­­­­­ліп, күн жылынып, көктем басталады. астронавт 2 және 31 наурыз күндері бір айда екі рет ай толады. Мұндай құбылысты «көгіл­дір түсті ай» деп атайды. Негізінде, ол күні ай­дың түсі көгілдір түске өзгеріп кетпейді. Бұл ағылшын тіліндегі Once in a Blue Moon тір­кесіне, яғни «өте сирек, жүз жылда бір рет» деген сөзге балама ретінде пайда бол­ған теңеу. Бір айда Айдың екі рет толуында тұр­ған ерекше ештеңе жоқ. Айдың шы­ны­мен көгілдір түске боялғанын орманда өрт болған кезде көруге болады. Өрттен шық­қан түтіннің арғы жағынан ай көгілдір түсті бо­лып көрінеді. Еркін АСАНОВ, «Физика және Ғарыш» жобасының авторы:

ТУРА ШЫҒЫСТАН КӨТЕРІЛІП,  ДӘЛ БАТЫСТА БАТАДЫ

Наурыз айында Күн аспан эква­то­рын – Жер экваторы үстіндегі ас­­­­пандағы ойша сызықты оңтүстіктен сол­­түстікке қарай кесіп өтеді. Бұл сәтте Жер­­ге ғарыштан қарасақ, оның күнгей жә­не көлеңке жақтары арасындағы шекара (тер­минатор) полюстер арқылы өтіп, эква­тор­ға перпендикуляр орналасады. Әдетте, Дү­ниежүзілік уақыт бойынша 20 наурызда бо­латын бұл құбылыс астрономия ғы­лы­мында «Наурыздағы күн теңелуі» деп ата­­лады. Дәл сол сәтте Оңтүстік жар­тышарда аст­рономиялық күз, ал Сол­түстік жарты­шарда астроно­мия­лық көктем баста­ла­ды. Сондықтан планетамыздың солтүс­тік жартысын ме­кен­­дейтін халық­тар­дың осы құбы­лыс­ты «көк­тем­гі күн теңелуі» ретінде тануы заңды. Биыл бұл астрономиялық оқиға 21 наурызға қараған түні Астана уа­қытымен 03:24-ке сәйкес келеді. Бұл да­та­да күн мен түн теңеседі, яғни олардың әр­қайсысы шамамен 12 сағат­қа созылады. Алайда күнтізбелерде бері­летін күннің шығу және бату уақыт­тары оның центрінің емес, жоғарғы шетінің көк­жиектен кө­те­рілетін не көзден таса бола­тын сәттерін көр­сетеді. Сондай-ақ жарықтың атмос­ферада сынуы әсерінен аспан шырақтары әрқашан шын орнынан биігірек болып көрінеді. Сондықтан 2023 жылғы 21 нау­рызда Астанадағы күндізгі мез­гілдің ұзақ­тығы 12 сағат 12 минут бол­мақ. Дегенмен күн­делікті өмірде күн мен түн теңесті деп са­науымыздың әбестігі жоқ. Қазақ халқы табиғат құбылыстарының қай­та айналып келу ретін, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің алмасуын, жұлдыз­дар­дың орналасу тәртібін мұқият бақылап отырған. Халқымыздың көпжылдық тә­жіри­бесінде жинақталып, қорытылған, зерделенген астрономиялық білім жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Та­биғат маусымдарына тікелей тәуелді дәстүрлі мал және егін шаруашылығымен айналысқан жұрттың күнтізбесі күн мен түннің ұзақтығы мен Күннің аспандағы жыл­­дық қозғалысына негізделгені түсі­нік­ті. Қазақ жыл мезгілдерінің ауысқанын бел­гілейтін төрт астрономиялық оқиғаның – екі күн теңелуі мен екі күн тоқырауының ішін­де көк­темгі күн теңелуіне ерекше на­зар аудар­ған. Табиғаттың оянуын айшық­тайтын құбылыс күнін жыл басы санап, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ре­тінде мерекелеген. Өйткені 21 наурыздан бастап Күн планетамыздың Солтүстік жар­тышары үстіне шығып, тәуліктің жарық уа­қыты ұзара түседі. Бұған қоса, Күн сәу­лесі жер бетіне енді тігірек түсе­тін­діктен де, оның планетаға беретін қызуы арта бе­­­реді. Бұл үрдіс маусымдағы Жазғы күн то­қырауына дейін созылады. Соны­мен, жыл мезгілдерінің ауысуын Күн мен Жер­дің арақашықтығының артып-кемуі емес, Жер білігінің көлбеулігі себебінен күн сәулесінің планетаның әр жарты­ша­рына түсу бұрышы мен ұзақтығының өзгеруі ту­ғызады. Көктемгі күн теңелуінің тағы бір ерекшелігі – бұл датада Күн тура шығыстан көтеріліп, дәл батыста батады. Тарихшы Ерғазы Қадашұлы ел аузындағы «Ұлыстың ұлы күні Самарқанның көк тасы жібиді» деген мәтелдің бір мәнін осымен байланыстырады. Самарқан қаласында XV ғасырда салынған әйгілі Ұлықбек обсер­ва­ториясындағы тасқа дәл осы күні күн сәулесі түседі екен. Сол сәуленің жылуы тасты жібітеді-мыс. Дүние жүзіндегі көп­те­ген мегалит қорғандар мен обсер­ва­тория­лардың тура шығысқа қаратып жасал­ған саңылаулары барын ескерсек, Ұлықбек расытханасында да күн теңелуін анықтайтын құрылғы болғаны шындыққа жанасады. Шығыс халықтары жыл басын күнтізбедегі шартты датамен емес, нақты астрономиялық оқиғамен байланыстыруы олардың, соның ішінде біздің бабалары­мыздың да аспан құбылыстарын дұрыс зерделей білгенінің айғағы.