20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты.
"Кеше, 20 наурыз күні сағат 22.23-те "112" пультіне Павлодар-Ленинский автокөпірінің астындағы мұздан мәйіт байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде азиялық ер адамның жансыз денесі табылды", – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.