Ақтөбедегі ірі сауда орындарының бірінде ыстық бауырсақ пен сүттен жасалған сусын түрлері тұрғындарға үлестірілді.
Бүкіл тағамды келіндер клубының мүшелері әзірлеген. Ұлттық киімдегі қыз-келіншектер саудагерлер мен сатып алушыларға дәм ұсынып, Наурыз мейрамының маңызы туралы айтты.
Сондай-ақ жұртшылықты мерекемен құттықтады. Шараға 30-дан астам қыз-келіншек қатысты.
Ұйымдастырушылар мұндай шараны енді дәстүрлі түрде өткізбек.
– Барлық келіндер үйден бауырсақ пісіріп, үлкендерімізге сәлем беріп, бата алып, ілтипаттарымызды көрсетеміз және түрлі ұмытылып бара жатқан ырымдарымызды, тағамның түрлерін бәрін үйрететін боламыз, – дейді қала тұрғыны Гүлмира Тілеулина.
https://youtu.be/v47rJMouPAU