Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Жүрек жылуы» акциясын қолдап, 2-сынып оқушысына домбыра алып беретін болды.
«Өздеріңіз білетіндей, Президентіміз «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясына қолдау көрсетті. Әнуардың (Jibek Joly телеарнасы жаңалықтар қызметінің жүргізушісі) көмегімен таңдалған хаттың иесі 2-сынып оқушысы Алтынбектен келіпті.
«Домбыра үйренгім келіп жүр, домбырам болса ғой, болғанын қалаймын» деп жазыпты. Міндетті түрде, Астанаға келгенде өзіңе үкілі домбыраны сыйлаймын, балақай!», – деп жазды тележүргізуші Instagram-парақшасында.
Сонымен қатар ол қайырымдылық акция эстафетасын әріптесі Айгүл Мүкейге және белгілі каскадер Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинге жолдады.
«Баршаларыңызды қайырымдылық жасауға шақырамын!», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.