Түркістан қаласында тұрғын үйде болған газ жарылысына баллонның ақауы себеп болған. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«21 наурыз күні сағат 19:40 шамасында Түркістан қаласы Қазыбек би көшесіндегі №231 жеке тұрғын үйде 25 литрлік газ баллоны редукторының ақаулығынан газды-ауа қоспасы жарылып, үй заттары мен жиһазы жанған және өрт үйдің шатырына өткен. Өрт сағат 20:39-да толық сөндірілді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 20 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды», – делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.