Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды, ал коронавирус белгілері бар пневмонияны бірде-бір адам жұқтырмаған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгін 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (1 625+ және 170 КВИ-), олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
5 адамның жағдайы ауыр;
1 пациенттің жағдайы өте ауыр;
2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 34 адамнан, ал оның алдында 66 адамнан коронавирус анықталған еді.