Көкшетауда Қопа көлінен оқу-жаттығуға арналған мина табылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 23 наурызда Көкшетау қалалық ПБ-на Қопа көлінде балық аулап жүрген балықшылар хабарлап айтқан.
«Жергілікті полицияға балықшылар хабарласып, Қопа көлінде ТМ-62 минасы табылғанын айтты. Тексеріс барысында аталмыш минаның әскери емес, оқу-жаттығуға арналғаны анықталды», – деді ведомстводан.