Тоқаев екі елшіні қызметке тағайындады
Тоқаев екі елшіні қызметке тағайындады
Фото: akorda.kz
1,340
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірнеше елші қызметінен босатылды. Сондай-ақ екі елші қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды. Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды; Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.