Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
"Антициклон сілкінісінің әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райы құбылмалы болады, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, жел күшейеді", – деп хабарлады "Қазгидромет".
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы болады.
Маңғыстау облысының батысында түнде тұман.
25 наурыз сағат 21.00-ден 26 наурыз сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
25 наурыз сағат 21.00-ден 26 наурыз сағат 21.00-ге дейін Семей облысы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
26-28 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.