Ақтөбе облысында көпірлерді су шайып кетті – Видео
Ақтөбе облысында көпірлерді су шайып кетті – Видео
Видеодан скриншот
621
оқылды

Ақтөбе облысындағы Алға ауданының екі ауылына апарар көпірлерді су шайды. Енді тұрғындар айналма жолдармен жүруге мәжбүр, – деп хабарлады Хабар 24 телеарнасы. Биыл көктемде өңірдегі 2 көпір мен 7 жолға зақым келді. Дені – облыстық маңызы бар бағыттар. Тасыған қар суы Байғанин, Алға, Темір, Қобда мен  Ойыл аудандары тұрғындарын әбігерге салды. Ал су деңгейі түскен жолдарды қайта қалпына келтіру қолға алынған. Шығын көлемі әзірге белгісіз. Облыстық әкімдік өкілдері қисайған көпір мен қираған жолдардың жай-күйін зерделеуге арнайы комиссияның кіріскенін айтты.

"Бізде ең ауқымдысы Ойыл ауданы мен Қобда ауданы болатын. Ойыл ауданы бойынша Қортықты және Саралжын деген көпірлер бар. Соның жанын шайып кеткен болатын. Қобда ауданы бойынша Қобда-Жиренқопа бағыты, 346 шақырымда су өту фактісі болды", – деп мәлімдеді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.