Әженің немереге деген махаббаты, отбасындағы әженің ролі, әже мен немере арасындағы сүйіспеншілікті кейіптейтін би осылайша Ташкентте төрге озып, гран при иеленді.
7-9 жас аралығындағы жас таланттар қазақтың көк Туын желбірететін күндер әлі алда екеніне сенімді.
Сондай ақ, жеке би орындау номинациясында 12 жасар Фатима Сәлімгерей «Еркетай» биімен бас жүлдені жеңіп алды. Би өнерімен 5 жасынан бері айналысып келе жатқан Фатима болашақта Шара Жиенқұлова сынды әлемге танылған биші болуды мақсат етіп отыр.
«Балғын өнерпаздарымның бұл шетелге екінші мәрте шығуы. Бұған дейін мектебіміздің оқушылары Түркияның Стамбул, Анталия қалаларында өнер көрсеткен еді. Балаларымның әрқайсының көзінде от бар. Алға қарай да қазақ өнерін әлемге танытып, дәріптей бергіміз келеді» ,– дейді «Дархан» өнер мектебінің жетекшісі Арайлым Молдашева.
Еске сала кетсек, «Дархан» өнер мектебі 2012 жылы ашылды. Қазір орталықта 500-ден астам шәкірт тәрбиеленіп жатыр.
Баян Жанұзақова