Коронавирус қаупі: Отандық спортшыларды сақтандыру үшін арнайы штаб құрылды
Коронавирус қаупі: Отандық спортшыларды сақтандыру үшін арнайы штаб құрылды
© сурет интернеттен алынды
280
оқылды
Ұлттық Олимпиадалық комитет отандық спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша шаралар қолданады. Коронавирусқа байланысты елдің олимпиадалық басқармасында келеңсіз жағдайдан сақтану мақсатында арнайы штаб құрылды, - деп хабарлады olympic.kz. Ұлттық құрамалардың жарыс және жаттығу кестесі қарастырылады. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатында кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ұлттық құрамалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.
«Ұлттық Олимпиадалық комитет үшін спортшылардың денсаулығы өте маңызды. Сақтық шараларымен қатар, қауіпсіздік шараларын да күшейту қажет. Бізде ұлттық федерациялармен бірге коронавирустың таралмауы және қазақстандық спортшыларды індеттен қорғау бойынша алдын-алу шараларына қатысты біртұтас және берік ұстаным болуы керек. Алдын алу шараларының барлығын қолдану керек», - деді Тимур Құлыбаев.
ҰОК басшысының тапсырмасы бойынша құрылған ситуациялық штаб құрамына түрлі департаменттің қызметкерлері кірді. Арнайы штаб қызметіне күнделікті мониторинг жүргізу,қазақстандық спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұсыныстар әзірлеу және қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қолдану кіреді. Бүгін, 28 ақпан күні, Қазақстан ҰОК штаб-пәтерінде ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, вице-президент Андрей Крюковтың басқаруымен мемлекеттік жаттықтырушылар мен ұлттық федерация өкілдеріне арналған жиналыс өтті. Жиында ұлттық федерацияларға қазақстандық командалардың шетелдік оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу кестесін қайта қарау ұсынылды.
«Қазақстан ҰОК Президентінің тапсырмасы бойынша ұлттық құрама командалардың қазақстандық спортшыларының шетелдік сапарларының кестесін қайта қарау, олардың шетелде күнделікті бақылауда ұстау, әр спортшымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту жөніндегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Қазақстан Республикасында белгіленген шараларды сақтау қажет. Жарыстардың кейінге шегерілуіне байланысты жағдайды бақылау үшін және 1 мамырға дейінгі шетелдегі спорттық жарыстардың кестесін қайта қарау үшін ұлттық федерациялар халықаралық және Азиялық федерациялармен үнемі байланыста отыру қажет», - деді ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков.
Қазақстан ҰОК барлық ұлттық спорт федерацияларын олимпиадалық спорт түрлерінен жағдайды ерекше бақылауда ұстап, спортшылардың денсаулығын барынша қадағалауға шақырды.