Ерлан Каналимов Астана қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Сондай-ақ бүгін мәслихат сессиясында төрт тұрақты комиссияның төрағалары сайланды:
Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Азамат Айтқожин;
Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Кендебай Адамбеков;
Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Владислав Сергеев;
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Асқар Смағұлов жетекшілік етеді.
Елорда мәслихатының құрамында 34 депутат қамтылған.
5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін мандаттар былай бөлінді: «AMANAT» партиясы – 12 мандат, «Қазақстан халық партиясы» – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат. Тағы 17 депутат бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы мәслихатына өтті.