Шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді
Шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді
© сурет интернеттен алынды
348
оқылды
Биыл шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. «2020 жылы шегіртке тектес зиянкестер 554 мың гектар алқапта таралуы мүмкін. Шегірткеге қарсы күрес үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген. Аталған қаражат барлық болжамдағы алқапқа пестицидтерді және химиялық өңдеуді сатып алуға мүмкіндік береді», - делінген Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі отырысының қорытындысы бойынша таратылған хабарда. Қос тарап 2019 жылы жүргізілген іс-шаралар, шекаралас аумақтардағы шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және аурулармен күресу іс-шаралары туралы ақпаратпен алмасты. Орталық қоймада жалпы 47,5 мың литр пестицид қоры бар. 2020 жылы шегіртке тектес зиянкестердің үйірлі түрлеріне қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу үшін 148 арнайы техника: оның ішінде 119 бірлік жерүсті бүріккіштері, 10 ұшақ, 10 бірлік аса жеңіл әуе кемесі (АЖӘК) және 9 бірлік аэрозольді генератор (ГАРД) жұмылдырылатын болады. Бүгінгі күні шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы ұйымдастыру үшін дайындық шаралары аяқталуға жақын.