Біліксіз студент – «дипломды» маман
Біліксіз студент – «дипломды» маман
341
оқылды
Медициналық колледждердің білім беру сапасы төмен. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Сенат депутаты Серік Бектұрғанов айтты. «2019 жылы еліміздегі 80 колледж­дің 21 мыңға жуық түлегінің біліміне ба­­ғалау жүргізілді. Жалпы, елімізде ме­­дицина мамандарын даярлайтын 85 колледж бар. Орташа көрсеткіш – 75 балл. Білімін дәлелдей алмаған­дар­дың үлесі 3 пайыз болды. Ең төмен нә­­тижені бір мемлекеттік және 27 же­­кеменшік колледж көрсетті», – деді се­­натор. Оның айтуынша, Алматы қа­ла­сындағы Мәриям медицина кол­лед­жі түлектерінің шамамен 80 пайы­зы шекті балды жинай алмаған. Оң­түстік Қазақстан медицина кол­леджі түлектерінің – 41 пайызы, Шым­кенттегі Орталықазиялық ме­ди­цина колледжі түлектерінің 38 пайы­зы білімдерін дәлелдей алмады. Бұған қоса, білімін растай алмаған сту­денттерге диплом беру фактілері де кез­деседі. «Тіпті, емтиханға мүлдем кел­мегендерге де диплом берілген. Ал бұл – өрескел заңбұзушылық. Мұндай жайт­тар орта кәсіби медициналық бі­лім беру жүйесіндегі түсініксіз жағ­дайға байланысты болып отыр. Олар білім беру жүйесінен білім бе­ру қызметіне лицензия алады. Ал қалғанының бәріне облыстық ден­сау­лық сақтау басқармалары жауап беруі тиіс. Жекеменшік медициналық колледждер өкілетті органдар тара­пы­нан да, білім беру саласынан да, денсаулық сақтау саласынан да ба­қыланбайды. Бұл жағдайды тез ара­да реттеу қажет», – деді Серік Бектұрғанов.