24 наурыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері киіктің 137 дана мүйізін тәркіледі.
1990 жылы туған Құрманғазы ауданы тұрғынының мекенжайын тексеру барысында полицейлер жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тәркіледі.
"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды" , – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.