Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды
Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды
457
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда. Ол 1983 жылы 14 қарашада Атырау қаласында туған. 2005 - 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. 2008-2010 жылдары Мичиган университетін «Қолданбалы экономика магистрі» дәрежесімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тәмамдаған. Президент жастар кадр резервінің мүшесі. Қазақ, ағылшын, испан, неміс және орыс тілдерін жетік меңгерген. DipPIFR (ХҚЕС) «Кәсіби есепші» сертификаты бар. «Ерен еңбегі үшін» және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталды. 2005 жылғы қыркүйек айынан бастап 2006 жылдың  ақпан айына дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті, халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде қызмет атқарған. 2007 жылы Жапонияның Қаржы министрлігінде экономикалық саясат бойынша екі айлық тағылымдамадан өткен. 2006 жылғы ақпан айынан бастап 2010 жылдың  қазан айына дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы және Экономикалық даму және сауда министрлігі аталған департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеген. 2010 жылдың қараша айында Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2010 жылғы қараша-2013 жылғы ақпан айы – Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті, Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары. 2013 жылғы ақпан-маусым айлары аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген. 2013 жылғы маусым-2019 ж. сәуір айлары аралығында – Президент Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметі. 2019 жылғы сәуір айынан бастап 2021 жылдың ақпан айына дейін Тұңғыш Президент – Елбасы кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған. 2021 жылдың  ақпан айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында жұмыс істеген. 2022 жылғы 11 қаңтарда Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.