Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 7 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 18:17-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 437 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12,0.
MPV магнитудасы – 5,6.
Эпицентр координаттары - 41,77° солтүстікке қарай, 81,85° шығысқа қарай.